ҰҚК тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасады, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинап, жария етті деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Олардың арасында шет мемлекеттің азаматы да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат Комитетке сілтеме жасап хабарлайды.
«ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу соты бұларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар, осыған байланысты және тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 25 наурызда елордада ҚР Президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті «А» деген Қазақстан азаматы ұсталған еді.



Соңғы жаңалықтар