ҰҚК терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында «Спрут-2020» кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-жаттығудың мақсаты терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу және төтенше жағдайларды, Мемлекеттік шекараны жаппай заңсыз кесіп өтуді оқшаулау ықтималдығы кезінде бірлескен тактикалық іс-қимылдар барысында ҚР ҰҚК бөлімшелерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болды.



«Спрут-2020» кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің халықаралық терроризм мен экстремизмнің өзге де көріністерінен туындайтын қауіп-қатерге қарқынды қарсы тұру ісінде күш-жігерін біріктірудегі кезекті қадам болды», - деді комитеттен.
Сонымен қатар іс-шара барысында жағдайды бағалауға бірыңғай тәсілді және террористік қауіп-қатер әкелушілер мен олардың қайнаркөздерін жоюға бағытталған тиімді шаралар жүйесін әзірлеу пысықталды.
Оқу-жаттығу қорытындылары бойынша бөлімшелер қойылған міндеттерді сәтті орындап, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы тарапынан жоғары баға берілді.


Соңғы жаңалықтар