ҰҚК терроризм туралы оқу-жаттығу видеосын көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тараз қаласында республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік органдардың теміржол инфрақұрылымы объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды.

Оқу-жаттығу ой-ниеті шеңберінде теміржол инфрақұрылымы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы мен ақпараттық жүйелері киберқорғанының жай-күйі тексерілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер поездың вагонында кепілдегілерді босату және террористерді бейтараптандыру бойынша операция жүргізді.

Оқу-жаттығу мақсаты мен міндеттері толық орындалды.

Қатыстырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар