ҰҚК Тараз бен Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады
2022 жылғы 5 шілде 18:45

ҰҚК Тараз бен Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция аясында еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі криминогендік жағдайға теріс әсер етіп келген ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«30 маусымда ҰҚК Ішкі істер министрлігімен бірге Тараз және Шымкент қалаларында бір мезгілде «А» және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жұмылдырылуымен еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі криминогендік жағдайға теріс әсер етіп келген, қоғам үшін қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операцияны жүзеге асырды. Бұл мақсатта алдын ала жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралардың толық кешені мұқият жүргізілді. Нәтижесінде қылмыстық топ мүшелерінің тауарлы-материалдық құндылықтарды аса ірі мөлшерде ұрлауға және кәсіпкерлерден ақша қаражатын бопсалауға қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды. Арнайы операцияның нәтижесінде қылмыстық топтың 14 көшбасшысы мен белсенді қатысушылары ұсталды», - делінген Комитет ақпаратында.

Процессуалдық іс-шаралар барысында қару-жарақ арсеналы, қомақты ақша, сондай-ақ тергеу мүддесінде қызығушылық тудыратын құжаттар тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бары тексеріледі.


Ұқсас жаңалықтар
Шарм-эль-Шейхтен келген жолаушыдан 200-ден астам діни мазмұндағы кітап тәркіленді
2022 жылғы 9 тамыз 19:25

Шарм-эль-Шейхтен келген жолаушыдан 200-ден астам діни мазмұндағы кітап тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент әуежайында Шарм-эль-Шейхтен ұшып келген рейс жолаушыларын тексеру кезінде 31 жастағы жігіттен 222 діни мазмұндағы кітап тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«5 шілде күні Шымкент қаласының әуежайында халықаралық «Шарм-эль-Шейх-Шымкент» рейсімен келген жолаушыларды тексеру кезінде Түркістан қаласының 31 жастағы тұрғынынан 222 діни мазмұндағы кітап табылды және тіркіленді.

Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері заң бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-бабы 1-тармағы 3-тармақшасы (Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, әзірлеу, шығару, басып шығару және тарату) бойынша хаттама толтырып, материалдар сотқа жолданды.

2 тамызда Шымкент қаласының әкімшілік соты айыпталушыны жауапқа тартып, оған 50 АЕК, яғни 153 450 теңге айыппұл салынды», - делінген ресми хабарламада.





Фото: pixy.org


Шымкент зообағына австралиялық кенгуру жеткізілді
2022 жылғы 8 тамыз 21:39

Шымкент зообағына австралиялық кенгуру жеткізілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент зообағы австралиялық кенгурумен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Беннета есімді кенгуру туралы қызықты мәліметтер өте көп. Мәселен, ол суды аз ішеді, тіпті бірнеше ай сусыз жүре алады. Ұйқысы сергек.

Ересек кенгурулар 60 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп, биіктігі 3 метрге дейінгі тосқауылдан секіре алады.

Кенгурудың аналығында баласы өсіп-жетілгенше орналасатын қалташасы болады. Ағзалары дамыған эмбрион анасының сөмкесіне еніп, 6 ай бойы қапшықта дамиды. Кейіннен жетілген кенгуру табиғатта тіршілігін жалғастырады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкент зообағындағы Астана есімді керіктің 12 жасы аталып өткен болатын.


Фото:.instagram.com/shymkentzoo




Шымкентте ана мен бала өз пәтерінде уланып қала жаздады
2022 жылғы 8 тамыз 16:36

Шымкентте ана мен бала өз пәтерінде уланып қала жаздады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте өрт сөндірушілер ана мен баланы уланудан сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрт сөндірушілер 1979 жылғы әйелді және оның 3 жасар баласын қауіпсіз жерге шығарды. Алдын ала болжам бойынша әйел адам масаң күйде болып, ұйықтап қалған. Баланың жылаған дауысын естіген көршілер есігін қаққан. Ешкім жауап бермеген соң, өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған», - дейді Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.

Оқиға Еңбекші ауданындағы 17-шағын ауданда орналасқан көпқабатты үйде болған. Өрт сөндірушілер үшінші қабаттағы көк түтін толған пәтерге саты арқылы кіреді. Анықталғанындай, ас бөлмедегі газ плита сөндірілмей қалған.

Құтқару жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 4 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.


Фото: Скрин из видео/facebook.com/shymkentqalasynyn.tjd


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT