ҰҚК Шекара академиясы 30-шы рет офицерлер түлегін ұшырды

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҰҚК Шекара академиясында 30-шы мерейтойлық жас офицерлерді шығарып салу салтанаты өтіп, 214 курсантқа алғашқы офицерлік «лейтенант» атағы берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға ҰҚК төрағасы генерал-лейтенант Ермек Сағымбаев, ардагерлер мен түлектердің ата-аналары қатысты.

Е.Сағымбаев құттықтау сөзінде түлектерге сәттілік пен жаңа кәсіби биіктерге жетуді тіледі. Отанымыздың шебін күзету ең жауапты да құрметті іс болып қала беретінін атап өтті. Сонымен қатар оқу орнының басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамына алғыс сөздерін жеткізді.


Қалыптасқан дәстүр бойынша іс-шара Академияның жауынгерлік туымен қоштасу және ҰҚК Шекара академиясының әнұранын орындаған түлектердің салтанатты маршымен аяқталды.



Соңғы жаңалықтар