ҰҚК Рудныйда қару жасаған жасырын шеберхананы анықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Рудный қаласында қару жасайтын шеберхана ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«29 тамызда Қостанай облысының Рудный қалалық соты суық қаруға жатпайтын нұсқаларды жауынгерлік түріне қайта өзгертетін жасырын шағын шеберхана ұйымдастырған Д. Басакин мен А. Стенинге атыс қаруы мен жарылғыш заттарды заңсыз саудалағаны үшін үкім шығарды.

Сотталушылар ҚР ҚК-нің 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, ЖЗ және ЖҚ-ны заңсыз сатып алу, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру) және 291-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, ЖЗ және ЖҚ-ны ұрлау немесе қорқытып алу) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге сотталды.

Қазіргі таңда фигуранттардың бірі іздестірілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың сәуірінде ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жоғарыда көрсетілген адамдарды салмағы 2 кг «аммонит» жарылғыш затын, сондай-ақ жауынгерлік тапаншаны өткізу кезінде ұстау бойынша операция жүргізген болатын.

Соңғы жаңалықтар