+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

ҰҚК операциясы: Үш қалада 17 адам ұсталды

2020 жылғы 17 қаңтар 18:25
Бөлісіңіз:
ҰҚК операциясы: Үш қалада 17 адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің 3 қаласында жүргізілген операция барысында 17 адамның ұсталғаны туралы видео таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҰҚК Экономикалық қауіпсіздік қызметі мемлекетке айтарлықтай экономикалық шығын келтіріп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматы қалаларында ауқымды операция жүргізілді. 17 адам ұсталды, 55 тінту жүргізілді. Ұйымдасқан қылмыстық топтан ЭЦҚ, ноутбуктер, кассалық аппараттар, жалған мөрлер мен компания есепшоттарын басқаруға арналған цифрлық кілттер, шетелдік және ұлттық валютадағы ақшалай қаражаттың ірі сомасы тәркіленді», - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан видеода.

Ведомство ақпаратына сәйкес, қылмыстық топ 300 млрд теңгеден астам ақшаны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған. Қылмыстық әрекетті әшкерелеудің нәтижесінде мемлекет бюджетіне ай сайын 3 млрд теңгеден астам салық түсе бастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT