+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

ҰҚК өкілдері есірткі тасымалын ұйымдастырушыны ұстады

2020 жылғы 18 ақпан 13:15
Бөлісіңіз:
ҰҚК өкілдері есірткі тасымалын ұйымдастырушыны ұстады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері есірткі тасымалын ұйымдастырушыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, Б.Исмайлов атты азаматты есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ұстаған.

Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың «гашиш» есірткісін ірі көлемде саудалау мақсатында Ақтөбе қаласына жеткізбек болғаны анықталды.

2019 жылдың 9-ша қазанында аталған тұлғаның қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында Б.Исмайловты ұстау шарасы жүзеге асырылды және одан 2,3 кг гашиш табылды.

«2020 жылы 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-істер бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен Б.Исмайлов ҚР ҚК 297 т. 3 б. бойынша кінәлі деп танылды. Ол 13 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимді түзеу мекемесінде өтейтін болады»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT