ҰҚК меморгандар мәліметтерін қорғалатын жүйені енгізбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті құпия ақпаратты қорғау мақсатында мемлекеттік органдарды тиісті жүйемен жабдықтамақ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дмитрий Голобурда мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент Сенаты комитетінің кеңейтілген отырысында депутат Талғат Мұсабаев министрліктерде, мемлекеттік органдарда компьютерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жобалар туралы сұрады.

«Министрліктің ғылыми-техникалық кеңесімен перспективалы 13 жоба іріктелді. Қазіргі уақытта олар Білім және ғылым министрлігінде сараптамадан өтіп жатыр. Олардың барлығы ІТ-қауіпсіздікпен байланысты. 2019-2021 жылдарға 2,7 млрд теңге сомасында қаржыландыру ескерілген. Сонымен қатар, нарықта DLP санатындағы шешімдер бар, яғни ақпараттың жылыстауына тосқауыл қоюға бағытталған. ҚР ҰҚК осы шешімдер арқылы биыл және алдағы жылдары мемлекеттік органдарды тиісті жүйемен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде толықтай қазақстандық өнім болады», - деді Дмитрий Голобурда депутат сауалына жауап бере отырып.

DLP-жүйе (Data Leak Prevention) - ол ұйымдардан ақпараттың ұрлануына тосқауыл қоятын арнайы бағдарламалық қорғаныс түрі. Аталған технология құпия ақпараттың түрлі арналардан берілуін бұғаттайды, сондай-ақ қызметкерлердің күнделікті жұмысын байқаудың тетігі болып саналады. Осы арқылы қауіпсіздіктің осал тұстарын анықтауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар