ҰҚК Мәсімов ісіне қатысты жаңа мәліметтер таратты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі жалғастыруда. Сонымен қатар тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде бірқатар сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҰКК мәліметінше, қазақстандық бизнес қауымдастықтары мен шетелдік субъект өкілдерінен жылжымайтын мүлік, қымбат сыйлықтар, соның ішінде мәдени құндылықтар, елеулі мөлшерде ақшалай қаражат алу фактілері құжатталған. Атап айтқанда, жабық келісімшарттардың бірі бойынша шетелдік мемлекет өкілдерінен Мәсімовтің ҰҚК Төрағасы лауазымында 2 млн. АҚШ доллары сомасында пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Осы қаражатты Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтару қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, Мәсімовтің Премьер-Министр лауазымында болған кезінде бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 млрд. теңгеге бағаналатын элиталық тұрғын үй мен жер телімін алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

2022 жылғы қаңтарда Мәсімовті ұстағаннан кейін осы тұрғын үйде 17,2 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша, сондай-ақ көптеген құнды заттар – аса қымбат сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқа да құнды заттар алынды.

Бұдан басқа, бизнес санаттағы 11 қымбат автомашина тәркіленген. Нұр-Сұлтан қаласындағы екі элиталық пәтеріне, Алматы қаласындағы 2 пәтер мен жеке сарайына, сондай-ақ Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 га жер теліміне тыйым салынды.

Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 млн. АҚШ доллары алынып, оған тыйым салынды.

Осымен бір мезгілде Мәсімов пен оның айналасындағыларының шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражаты іздестіріліп, ол қаражатты бұғаттау және Қазақстанға қайтару шаралары атқарылған. Барлық көрсетілген фактілер бойынша қарқынды жедел жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты осы жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.




Соңғы жаңалықтар