+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

ҰҚК қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізуді тоқтатады

2019 жылғы 6 тамыз 23:09
Бөлісіңіз:
ҰҚК қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізуді тоқтатады

НУР-СУЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және киберқауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР ҰҚК қауіпсіздік сертификатын қолдануды тестілеуді сәтті аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Президент: Қазақстанның интернет қолданушыларына қолайсыздық болмайды

Нәтижесінде кибер және ақпараттық кеңістікте киберқауіптің алдын алу жүйесі құрылды.

Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы тек өткен айда ғана мемлекеттік органдар мен жеке компанияларға қатысты 8 млн мәрте вирустық белсенділікті және 130 мың кибершабуылды анықтады. Одан бөлек, бірқатар мемлекеттік органдарға кибертыңшылық жасау фактілері ашылды.

Сонымен қатар, сертификат енгізудің түйткілді мәселелері зерделенді, байланыс операторларының жұмысына ықпал ететін тұстары тексерілді.

Сертификат болашақта ұлттық қауіпсіздікке кибер және ақпараттық шабуыл арқылы қатер төнген жағдайда ел азаматтарына алдын ала ескерту бере отырып қолданылатын болады.

Тестілеу жұмыстарының оң нәтижеге жеткенін ескере отырып, ҰҚК 7 тамыздан бастап тестілеудің тоқтатылатынын мәлімдейді. Жақын арада ресми сайтта жеке құрылғылардағы қауіпсіздік сертификатын өшіру жолдары көрсетілген нұсқаулық жарияланады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT