+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

ҰҚК: Кәсіпкерлерден қаржы бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

2020 жылғы 5 маусым 12:43
Бөлісіңіз:
ҰҚК: Кәсіпкерлерден қаржы бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында кәсіпкерлерден қаржы бопсалау, қарыз өндіру сияқты қылмыстық әрекеттермен айналысып келген ұйымдасұан топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыр қылмыс жасап, іздеуде жүрген Ресей азаматы Қазақстаннан ұсталды Алматыда 12 пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ағайынды екі жігіт ұсталды Сайт арқылы мүлкін сатпақ болған елорда тұрғындары алаяқтың құрбаны болуда

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 2020 жылғы 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесілді.

Қылмыстық топ мүшелері өңірдегі кәсіпкерлерді қорқытып, ақша алып, қарыздарды «өндіру» сияқты қылмыстық әрекеттермен айналысып келген. Сондай-ақ олардың дене жарақатын салу сияқты әрекеттерге де қатысы бар.

«Қылмыстық топтың белсенді 5 мүшесі ұсталды. Олардың кейбіреуі «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыс ұстаған. Ұсталғандардың тұратын жерін тінту барысында үш бірлік әртүрлі қару түрлері мен олардың оқ-дәрілері табылды. Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұлтартпау шарасын таңдау жөнінде мәселе шешілуде. Екеуінен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды»,-делінген хабарламада.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT