ҰҚК-ге жұмысқа тұрғызамын деп, 4 млн теңге алған түркістандықтың үстінен іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрғызып беремін деп, танысынан 4 млн теңге алған түркістандық 2 жылдан бері «уәдесін орындамаған», деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, қызын «Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрғызып беремін» деп танысы 4 000 000 теңгесін алдап алып кеткенін көрсеткен. Алайда, жәбірленуші әйел күдіктіден 2 жыл бойы уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Полицейлер жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды анықтады. Орта жастағы күдікті ер адамның жәбірленушіні алдап, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп жатыр», - делінген ақпараттық хабарламада.


Соңғы жаңалықтар