ҰҚҚ Алматыда екі ірі есірткі тобын анықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті интернет ресурстары арқылы есірткі таратқан 2 топты анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі жасауға және оларды интернет ресурстары арқылы сатуға қатысы бар 2 есірткі тобының әрекетін анықтап, жолын кесті. Екі есірткі зертханасын ұйымдастырған 5 адам ұсталды», - делінген хабарламада.

Тінту іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 4 кг синтетикалық есірткі, және 40 литр жартылай дайын есірткі заты, 1 кг гашиш, 20 кг астам химиялық қоспа және зертханалық жабдықтартабылып, алынды.



Соңғы жаңалықтар