ҰҚК: Алматы, Талдықорған, Тараз және Қызылордадағы басып алынған барлық әкімшілік нысандар азат етілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Талдықорған, Тараз және Қызылордадағы басып алынған барлық әкімшілік нысандар азат етілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерекше маңызды, стратегиялық нысандар, қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Содырлар мен жаппай тәртіп бұзушылардың баспанасы болуы мүмкін орындарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық әрекеттің іздерін анықтау және жинау жұмыстары да жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар