+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

ҰҚК: 14 азаматқа терроризм бойынша айып тағылды

2019 жылғы 17 қазан 10:36
Бөлісіңіз:
ҰҚК: 14 азаматқа терроризм бойынша айып тағылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сирияда ДАИШ-тың жасағында болған 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жазасын өтеу мекемесінде терроризмді насихаттаған екі адам сотталды Террористік тұрғыдан осал дәмхана иелері жауапқа тартылуда ҰҚК терроризм туралы оқу-жаттығу видеосын көрсетті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан 595 Қазақстан азаматын қайтарды, оның арасында төрт жүзден астамы бала.

Қайтарылған адамдардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша сот үкімімен әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

«Тергеу нұсқасы бойынша Сирия жағдайында ДАИШ-тың бір жасағында болған тағы да 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT