Үкіметтің жұмыс тобы Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездеседі

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы 18-19 желтоқсанда Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыс тобының құрамына Үкіметтің әлеуметтік блогының басшылары кіреді: білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, ақпараттық және қоғамдық даму министрліктері, сонымен қатар, Қазақстанның Кәсіподақ федерациясы, «Атамекен» ҰКП және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бар.

Жұмыс тобының мүшелері Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен, денсаулық сақтау және білім беру салаларының мамандарымен, жастармен кездесу өткізіп, әлеуметтік және мәдени ошақтарды аралайды.

Сапардың негізге мақсаты – Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттері аясында Үкіметтің қандай тапсырмаларды жүзеге асырып жатқандығынан хабардар ету.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үкіметтің жұмыс тобы басқа аймақтардың тұрғындарымен кездескен болатын.

Соңғы жаңалықтар