Үкіметтің жұмыс тобы көпбалалы аналармен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкіметтік жұмыс тобы Түркістан облысына барды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Мәдениет сарайында көпбалалы аналармен, аз қамтылған отбасылармен, еңбек ардагерлерімен, мүмкіндіктері шектеулі жандармен, білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесулер өтті.

«Бүгінде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы халықтың лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету. Республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға барлық шығындардың 45% бағытталды. Түрлі бағдарламалар аясында ауқымды әлеуметтік инвестициялар іске асырылуда. Ең бастысы, әлеуметтік саясат теңдестірілген болуы керек», - деді Г. Әбдіқалықова.

Халықпен кездесу аяқталғаннан кейін Г. Әбдіқалықова аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында азаматтарды жеке-жеке қабылдады.

Түркістан облысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Күлтөбе қалашығындағы ғылыми-реставрациялық жұмыстармен танысты және мемлекеттік органдардың, ведомствоға бағынысты мекемелердің және ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшыларының өкілдерімен кездесті. Кеңес барысында Қазақстанның тарихи мұрасы - Қ. А. Яссауи кесенесін сақтау мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.
null

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын тексеріп, жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек көрсету процесімен танысты. Бүгінгі таңда облыста АӘК алушылар саны 207 мыңнан 283 мың адамға дейін артты, осы мақсаттарға қажетті қаржы 14 млрдтан 45 млрд теңгеге дейін өсті.

Жұмыс тобы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ базасында аудандар, қалалар әкімдерімен, өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшыларымен, бизнес-құрылымдар, кәсіподақтық ұйымдары басшыларымен кеңес өткізді. Г. Әбдіқалықова өнеркәсіп кәсіпорындарының, бизнес құрылымдарының басшыларын өздерінің табысы төмен қызметкерлерін қолдауға, тұрғын үй сатып алуға көмектесуге, оларды жөндеуге қаражат бөлуге, баспана несиелері бойынша бастапқы жарналарды төлеп беруге шақырды.
null

Бүгінде өңір кәсіпкерлері 11 көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етті. Қазығұрт ауданының кәсіпкері С. Ертаев көпбалалы Ержановтар отбасына үй сатып алып берді және Түркияда науқас баланың отбасына операция жасауға 4 млн теңге бөлді.
null

Жұмыс тобының мүшелері денсаулық сақтау, білім беру саласының қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді, азаматтарды қабылдады, сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен құрылыс алаңдарына барды.

Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова Кентау қаласында болды, Денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева мен Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов Түркістан қаласында болды.

Жұмыс тобының құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, Денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов кірді.

Соңғы жаңалықтар