Үкіметтің заң жобалау жұмысына баса назар аудару қажет - Мәжіліс төрағасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Үкіметтің заң жобалау жұмысына баса назар аудару керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаңызға белгілі, елімізде заң шығару міндеті Үкіметке және Парламентке берілген. Әрине, Парламент пен Үкімет өзара тиімді қызмет атқарғанымен, орын алған кемшіліктер де әлі аз емес. ол кемшіліктерге дер кезінде назар аудару - заң шығару жұмысымыздың сапалы болуының кепілі. Осы орайда Үкіметтің заң жобалау жұмысына баса назар аудару қажет, себебі Үкіметтің заң жобалау жұмысы әлі де жоғары деңгейде емес деп айтуға болады», - деді Мәжіліс төрағасы.

Сонымен қатар Н. Нығматулин үкіметтік заң жобаларының сапасына екпін қою керектігін атап өтті.

«Осы көтерген мәселені ескеріп, Үкімет аталған кемшіліктерге назар аударады деп сенеміз», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Парламенті депутаттары каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар