Үкіметтің сыртқы қарыз үлесі 40% азайды – Наталья Годунова
2022 жылғы 20 маусым 11:06

Үкіметтің сыртқы қарыз үлесі 40% азайды – Наталья Годунова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің атынан алынған қарыздың құрылымында ішкі борыштың үлесі артып, сыртқы борыштың үлесі азайған. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Парламенттің бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік борыштың жалпы ішкі өнімге қатынасы жаңа бюджеттік саясаттың тұжырымдамасында көрсетілген 27 пайыздық межеден сәл асты. Есепті кезеңде Үкімет борышының қүрылымы жақсарды. Ішкі қарыздың үлесі 60 пайызға дейін өсіп, сыртқы қарыздың үлесі 40 пайызға дейін азайды. Дегенмен, былтыр сырттан алған қарыз мөлшерінің 4 есе артуы – айтарлықтай сын-қатер», - деді комитет басшысы.

Оның айтуынша, сыртқы қарызды ақылға қонымсыз тартып, қолдану әрекеті үшін жеке жауапкершілік енгізу шаралары да қолға алына бастаған.

«Ондай түзетулердің бір бөлігі әзірленіп, Сенаттың қарауына жолданды. Қалған түзетулер бойынша жұмысты Парламенттің күзгі сессиясында аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Осылармен бірге мемлекет борышының қауіпсіз шегін ашық есептеу және сырттан алынған борыштың тиімді игерілуіне талдау жасау тетіктерін енгізу қажет», - деді Наталья Годунова.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT