Үкіметтің стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы қаулысы шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құжаттың толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз. 

Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 404 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамына "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты - Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 100 %-ын "Самұрық- Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.

 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев

Соңғы жаңалықтар