Үкіметтің кеңейтілген отырысы: Ұлттық банк төрағасы есеп берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2020 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус пандемиясынан туындаған бұрын-соңды болмаған дағдарыс жағдайында Ұлттық банк Үкіметпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және Сіз (Мемлекет басшысы) қойған міндеттерге қол жеткізу үшін уақытылы шаралар қабылдады», - деді Е. Досаев.

2020 жылы Ұлттық банктің негізгі күш-жігері келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталды:

1. Ақша-кредит саясаты инфляцияның өсуін белгілеген 8-8,5% деңгейінің шегінде ұстап тұруға бағытталды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 7,5% болды.

2. Ұлттық банк валюта нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етті. Теңгедегі активтерді қорғау мақсатында алыпсатарлыққа жол бермеу және шетел валютасының ұсынысын қолдау бойынша шаралар кешені қабылданды.

«Үшіншіден, Ұлттық банк қаржы нарығын дамытуға жәрдем көрсетті. Үкіметпен бірлесіп ақша нарығындағы артық өтімділік бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталды. Бұл ретте мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымдарындағы нарық қатысушыларының үлесі 3,8%-тен 32,7%-ке дейін ұлғайды», - деді ҰБ басшысы.

Оның айтуынша, Президенттің экономикалық белсенділікті қолдау бойынша дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру үшін Ұлттық банк 2,3 трлн теңгеге дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландырды, бұл дағдарысқа қарсы жалпы қаржының 50%-тен астамын құрайды.

«2020 жылы жоғары нарықтық құбылмалылыққа қарамастан, Ұлттық банктің басқаруымен активтердің жоғары кірістілігі қамтамасыз етілді. Ұлттық қордың кірістілігі 7,6%, зейнетақы активтерінің кірістілігі - 10,9% болды, бұл инфляциядан 3,4%-ғе жоғары», - деді Е. Досаев.


Соңғы жаңалықтар