+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Үкіметтің кеңейтілген отырысы: Смартфон арқылы алатын қызмет түрлері 3 есеге артады

2021 жылғы 10 шілде 11:38
Бөлісіңіз:
Үкіметтің кеңейтілген отырысы: Смартфон арқылы алатын қызмет түрлері 3 есеге артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтар смартфон арқылы алатын қызмет түрлері 3 есеге артады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бағдат Мусин EGOV сатылады деген қауесетке қатысты түсініктеме берді Депутат Сбербанкпен цифрлық үкімет платформасын құру туралы келісімге алаңдаушылық танытты

«Үкімет экономиканы сапалы цифрландыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Интернет трафигі 2020 жылы 6 800 петабайт болса, есепті кезеңде 132 пайызға артып, 15 800 петабайтқа дейін өседі. Азаматтар смартфон арқылы алатын қызмет түрлері 3 есеге өсіп, 150 қызметті құрайтын болады», - деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның атап өтуінше, жыл соңына дейін әлеуметтік қызметтердің 100 пайызы проактивті форматта берілетін болады.

«Жоспарланған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде биыл қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі 80 пайызға дейін ұлғайтылады. Нарықта 150 жаңа стартаптар жұмыс істейтін болады. Дата-орталықтарды дамытуға 88 млрд теңге инвестицияланады», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT