Үкіметтің кеңейтілген отырысы дағдарысқа қарсы шаралардың нақты бағдарын айқындап берді - экономист Д. Тоқтасынұлы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысы дағдарысқа қарсы шаралардың нақты бағдарын айқындап берді. ҚазАқпарат тілшісіне Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Дәулетбек Тоқтасынұлы осындай пікір білдірді.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында талқылаған мәселелер мен қабылданған шешімдер дағдарысқа қарсы шаралардың нақты бағдарын айқындап берді. Ендігі кезекте Үкімет ел экономикасына тиімді болу үшін қалай әрекет ету керектігін екшеді. Әсіресе, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» бағдарламасын жаңа дағдарысқа қарсы шаралармен толықтыру қажеттігі туралы ұсынысы өте құптарлық. Менің ойымша, бағдарламаны қаржыландыру көлемін арттыру да артық етпейтін еді. Қазіргі таңда экономиканың субьектілері кәсіпорындарға, банктерге қаржылық қолдау қажет», - деді Д.Тоқтасынұлы.

Сарапшының айтуынша, әлемдік дағдарыс белең алған қазіргі шақта индустриялық-инновациялық бағыттан басқа жобалар қысқартылуы керек.

Бар әлеуетті ішкі шаруашылықты, ішкі өндірісті дамытуға салу керек. Ең басты мақсат - жұмыс орындарын сақтап, ішкі өндірушілердің жұмысын қолдау болуы тиіс», - деді экономист.

Соңғы жаңалықтар