Үкіметтің экономикалық блогы мұнай өндіруші компаниялардың жағдайына талдау жасауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 80,5 млн. тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Владимир Школьник мәлім етті.

2014 жылы мұнай және конденсаттарды өндіру көлемі 80,8 млн. тоннаны құрағанына тоқталған министр, «Биыл 80,5 млн. тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр. Ол үшін өндіруші компаниялар тарапынан шығыстарды қысқарту бойынша тиісті шаралар қабылданды. Өз кезегінде Үкіметтің экономикалық блогымен бірлесе негізгі өндіруші компаниялардың қаржылық жағдайына талдау жүргізілуде. Осы талдаудың нәтижесі бойынша өндіру деңгейін сақтау мен әлеуметтік міндеттемелерді орындау мақсатында салық салуды оңтайландыру тұрғысында шаралар қабылданады. Осы жұмыстардың барлығы биылғы наурыздың аяғына дейін іске асырылуы тиіс», - деді.

Оның сөзіне қарағанда, жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыс бағдарламаларына түзетулер енгізілуі мүмкін.

«2014 жылы мұнай өңдеу деңгейі 14,9 млн. тонна құрады. Бұл 2013 жылдың көрсеткішінен 4,2 пайызға артық», - деді В. Школьник.

Осы орайда биылғы жылы мұнай өңдеу көлемі 14,3 млн. тонна деңгейінде жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар