Үкіметтің екі қаулысының күші жойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметі мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторлар мен газ конденсаты мен мұнай өнімдерінің нарықтық бағасына қатысты екі қаулының күшін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №875 Қаулысы Жарияланды:

«Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидаларын және өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы №500 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидаларын және өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 500 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., №45, 282-құжат) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №876 Қаулысы

«Шикі мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнімдеріне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №1568 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шикі мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнімдеріне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №1568 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №8, 168-құжат) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин



Соңғы жаңалықтар