Үкіметтің биылғы заң жобалау жұмысы қаншалықты орындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің 2021 жылға арналған заң жобалау жоспары толық орындалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары жиырма бес заң жобасын әзірлеуді және Парламент Мәжілісіне енгізуді көздейді. Қазіргі уақытта 25 заң жобасының бесеуіне Мемлекет басшысы қол қойды, біреуін Парламент қабылдады. 18-і Парламенттің қарауында. Бір заң жобасы бүгінгі отырыста қаралып, Парламентке енгізіледі. Жыл барысында жоспарға Үкіметтің 4 қаулысымен түзетулер енгізілді», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, 3 заң жобасы бойынша Үкімет пен Парламентке енгізу мерзімдері ауыстырылды.

Бұл - қоғамдық бақылау, инновацияларды ынталандыру және цифрландыруды дамыту мәселелері жөніндегі заң жобалары. Үш заң жобасының атаулары өзгертілді.

«Жалпы соңғы жылдары жоспардың орындалуы оң серпінді көрсетіп отыр. Биыл жоспарға қосымша заң жобаларын енгізу бойынша түзетулер болған жоқ. Аталған жоспар толықтай орындалды»,- деді Марат Бекетаев.


Соңғы жаңалықтар