+7 (701) 759 90 19
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Үкіметтік жұмыс тобы ШҚО-да ауруханаларды аралап, тұрғындармен кездесті

2019 жылғы 19 сәуір 18:48
Бөлісіңіз:
Үкіметтік жұмыс тобы ШҚО-да ауруханаларды аралап, тұрғындармен кездесті

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жетекшілік еткен үкіметтік жұмыс тобы Елбасының жаңа әлеуметтік бастамаларының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысына келді. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Оның құрамында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов бар.
null

Үкіметтік делегацияның жұмыс сапары Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасын аралаудан басталды. Аурухана «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы бойынша салынған және 325 төсек-орынға шақталған. Мұнда жақында заманауи жабдықтар кешенімен жарақталған Политравма және ортопедия орталығы ашылды. Мамыр айында еліміздегі алғашқы нейрохирургияға арналған гибридті ота жасау бөлмесі ашылады деп жоспарланып отыр. 3 жыл ішінде 18,8 млрд теңге инвестиция салынды, бұл жоғары технологиялы жабдықтар көлемін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді.
null

Одан соң ҚР Премьер-Министрінің орынбасары және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын тексерді. Олар электронды форматта мемлекеттік қызметтердің көрсетілу бойынша бизнес-процестерді қарастырды.

Семей қаласындағы басты шара жұмыс тобы мүшелерінің көп балалы аналармен, аз қамтылған отбасылармен, еңбек ардагерлерімен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, жұртшылық өкілдерімен кездесуі болды. Кездесуде Г. Әбдіқалықова Қазақстанның жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Бүгінде жаңа әлеуметтік саясат жүзеге асырылып жатыр, оның басты мақсаты халықтың әл-ауқатын көтеру болып табылады. Ол үшін қоғамның әрбір мүшесі ел дамуына өзінің үлесін қосуы тиіс.

Үкіметтік делегация мүшелеріне халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй саясаты салаларындағы жаңашылдықтар таныстырылды.

Қала тұрғындарымен кездесу аяқталған соң ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова азаматтарды жеке қабылдап, көп балалы отбасыларға барды. Атап айтқанда, 14 баланы тәрбиелеп отырған Ольга Кандыбаның отбасында болды. Көп балалы отбасы мемлекетке 7 жер телімін ұсынғаны және «Газель» маркалы автокөлік сыйлағаны үшін алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар ол 8 баланы тәрбиелеп отырған Индира Отарбаевның отбасына барды. Бұл отбасы «Өкен» ЖШС құрылтайшысына сыйлаған жаңа жеке үйі үшін шексіз алғыстарын білдірді.
null

Түстен кейін жұмыс сапары Өскемен қаласында жалғасты.

Алғашқы шара Роботтандырылған хирургия орталығын аралау болды. Орталық дәрігерлері мыңнан астам ота жасаған (200 операций на ангиографада 200 ота, 800 урологиялық және роботта 123 ота). Бұл клиника базасында Трансплантология орталығы ашылған, бүйрек алмастыру бойынша сәтті оталар жасалған.

Вице-Премьер жұмыс тобының мүшелерімен бірге Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде облыс жұртшылығымен кездесу өткізді. Оған көп балалы аналар, аз қамтылған отбасылар, еңбек ардагерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, жұртшылық өкілдері шақырылды.

Кездесуде халықтың төмен жалақы алатын санаттарының табысын арттыру, халықты әлеуметтік қолдаудың жаңа шаралары, білім беру мен денсаулық сақтауды одан әрі дамыту, тұрғын үймен қамту тетіктері бойынша жан-жақты түсіндірілді. Үкіметтік делегация мүшелері қатысушылардан келіп түскен өзекті сұрақтарға жауап берді.

Г. Әбдіқалықова бұдан әрі көпбалалы отбасылардың үйлеріне барды. Бүгінде облыста бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында мұндай отбасыларға жүйелі көмек көрсетіледі. Мәселен, көпбалалы әке Нұрлан Жетпіске «ВК Техногрупп» ЖШС екі бөлмелі пәтер сыйласа, 12 бала өсіріп отырған Евгения Черкашинаға қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін демеушілік көмек көрсетілді, тұрғын үйін жөндеу үшін құрылыс материалдары берілді.

Одан соң бейнеконференция байланысы режимінде Үйлестіру кеңесінің мүгедектерді қорғау саласындағы көшпелі отырысы өткізілді. Онда 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сүруін жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Іс-шаралар жоспарының үшіншің кезеңін іске асыру қорытындылары шығарылды. Оны жүзеге асыру үшін 12 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталды. Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан маңайында 17 043 жол белгілері мен нұсқаулар орнатылды; 540 жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелдеріне дыбыстық құрылғылар қойылды; 28 өңірлік телеарнада жаңалықтар телехабарларын таратуда сурдоаударма қамтамасыз етілді, «Қолжетімді орта» қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталы әзірленді. Паспортталғандар қатарынан әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 97,3% қолжетімді болды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жаңа Ұлттық жоспар жобасы талқыланды. Үйлестіру кеңесінің отырысының қорытындылары бойынша Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді әрі сапалы білім алу жағдайларын жасау мақсатында «2018-2020 жылдарға арналған инклюзивті білім беруді дамыту» жобасын іске асыру бойынша Жол картасы бекітілді. Мүмкіндігі шектелуі балаларға арналған «Ақниет» мектеп-интернатында делегацияға осы бағдарлама таныстырылды. Оның аясында 1200 педагогты даярлау жоспарланған, оның ішінде 2019 жылы инклюзивті білім беру бойынша 500 педагог біліктілігін арттыруы тиіс. Бүгінде облыста 13 психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті жұмыс істейді. Бұл шара Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға қолжетімді жерден коррекциялық педагогтар қызметтерін тегін алуларына мүмкіндік береді.

Үкіметтік делегацияның Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аяқталды.
null
null


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT