USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Үкіметтік комиссия Жамбыл облысында болған өрт пен жарылыс зардабын бағалайды

2021 жылғы 27 тамыз 17:12
Бөлісіңіз:
Үкіметтік комиссия Жамбыл облысында болған өрт пен жарылыс зардабын бағалайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен 26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында орын алған өрт пен жарылыс салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қосымша білім беру бірыңғай порталын құру қажет - Тоғжанов Ералы Тоғжанов өңірлердегі білім беру деңгейін көтеруді тапсырды Білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмыстарының тұжырымдамасы әзірленеді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен комиссия құрамына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму және басқа да орталық мемлекеттік органдардың вице-министрлері кірді. Комиссия алдына залалды бағалау және өрт пен жарылыс салдарын жою, зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккендерге әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша міндеттер қойылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT