Үкіметтік комиссия Алматы қаласы мен Алматы облысын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген залалды өтеу және қалпына келтіру мәселелерінің барысымен танысу мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысына жұмыс сапарымен барды. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгінгі таңда қалада көлік қатынасы мен азық-түлік кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын, жол инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

27 қалалық ғимаратты жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет, оның ішінде 10 мемлекеттік және жеке меншік мүлік нысандары бюджет қаражаты есебінен қайта жаңартылатын болады. Қалған 17 нысанға келтірілген залал үлкен емес, олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалпына келтіріледі. Қалада 20 құрылыс компаниясының күшімен 9 нысанды тазалау жұмыстары жүргізілді, 800-ге жуық адам және 40 бірліктен астам арнайы техника тартылды. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта бүлінген 587 бейнебақылау камерасының 434-і қалпына келтірілді. Барлық бейнебақылау камераларын қалпына келтіру жұмыстары 21 қаңтарда аяқталады.


Сонымен қатар Open Almaty Қоғамдық қабылдауы базасында тәртіпсіздіктерден зардап шеккен ШОБ өкілдеріне келтірілген залалды өтеу мәселелері бойынша жедел желі құрылды. Талдықорған қаласында Комиссия Алматы облысының әкімі Қ. Бозымбаевпен бірге 2 мәдениет нысанын жөндеу жұмыстарының аяқталуын тексерді. Мемлекеттік органдардың 5 ғимаратын қалпына келтіру басталды. Жұмысқа 400-ден астам адам және 14 бірлік техника тартылды. «Атамекен» ҰКП мәліметі бойынша өңірде 141 коммерциялық нысан зардап шеккен. 120-дан астам ШОБ ұйымдары қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, өздерінің негізгі қызметіне кірісті. Алматы облысы бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы 16,1 млрд теңгені құрады. Р. Скляр өңірлерді қалпына келтіру және олардың тыныс-тіршілігін жақсарту бойынша қарқынды жұмысты жалғастыруды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар