Үкіметтік емес ұйымдарда 25 мыңнан астам қазақстандық еңбек етіп жүр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның азаматтық секторында 25 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қаржылық қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру шеңберінде грант жүйесі қайта қаралды. Заң нормаларын жүзеге асыру шеңберінде министрлік азаматтық қоғам саласындағы сарапшылармен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесе отырып гранттық қаржыландырудаң жаңа қағидаларын әзірлеген болатын», - деді ол.

Оның мәліметі бойынша, елімізде 17 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген.

«Елімізде барлығы 17 мыңнан астам ҮЕҰ жұмыс істейді, 21 мыңнан астам қоғамдық ұйым тіркелген. Бүгінгі таңда азаматтық секторда жұмыспен қамтылғандар саны - 25 мыңға жуық», - деді комитет басшысы.


Соңғы жаңалықтар