+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Үкіметтік емес ұйымдар үшін жарияланған салық рақымшылығының шарттары қандай

2019 жылғы 27 наурыз 09:57
Бөлісіңіз:
Үкіметтік емес ұйымдар үшін жарияланған салық рақымшылығының шарттары қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Ғалымова Әлия Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау шеңберінде ағымдағы жылы өткізіліп жатқан салық рақымшылығы жөнінде Қаржы министрлігінің ресми түсіндірмесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша, Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, шағын және орта бизнеске арналған салық рақымшылығы үкіметтік емес ұйымдарға да таратылады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 57-1-бабына сәйкес 2018 жылғы 1 қазан және 2019 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде 2019 жылғы 1 қазан жағдайына есептелген берешек сомасын өтеген жағдайда, 2018 жылғы 1 қазан жағдайына есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы есептен шығаруға жатады.

Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіліп, 2018 жылғы 1 қазанға жиналған қарыз 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтелген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды көздейді.

Бұл ретте, Заңның жоғарыда көрсетілген бабының ережелері:

1) мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге;

2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша келесі қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін іске асырған салық төлеушілерге:

жерасты суларын, емдік балшықтарды өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану;

акцизделетін өнім өндіру;

3) жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіпқой медиатордың қызметін, кәсіпкерлік қызметті іске асыруына байланысты туындаған салықтық берешекті қоспағанда, жеке тұлғаларға қолданылмайды.

Осылайша, Заңның 57-1-бабымен салық рақымшылығы қолданылмайтын салық төлеушілердің толық шеңбері анықталғанын ескерсек, үкіметтік емес ұйымдар аталған норманы қолдануға құқылы және оны қолдану үшін 2018 жылғы 1 қазанға есептелген берешек сомасын төлеу қажет.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Қаулы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT