Үкіметтік емес ұйым өкілдерін оқыту курсына өтінім қабылдау жалғасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің құзыретін арттыруға бағытталған оқыту курсының екінші және үшінші кезеңдері шілде мен тамызда жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кейінгі жылдары Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың құзырет деңгейін арттыруға көңіл бөлініп келеді. Осы арқылы мемлекет әлеуметтік саладағы өз функцияларының бір бөлігін осы ұйымдарға беруге ынталы. 2020 жылы ҮЕҰ академиясы құрылып, биыл маусым айының басында үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне арналған әлеуметтік кәсіпкерлік онлайн-мектебі іске қосылған болатын. Мектеп қазақ және орыс тілдерінде білім береді. Қазір бірінші кезең тыңдаушылары құзыреттерін арттырып жатыр. Ал екінші және үшінші кезең өз жұмысын шілде мен тамыз айларында бастайды. Оларға қабылдау әлі де жүргізілуде.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Лима Диастың айтуынша, 2021 жылы ҮЕҰ академиясы ең қажетті пәндерге назар аударатын бірегей білім беру бағдарламасын жасап шығарған.

«15 маусым күні ҮЕҰ-на арналған білім беру бағдарламасы басталды. Онда 8 модуль қарастырылған. Олардың әрқайсысында 5 тренинг бар.

Оқыту тақырыптарының ауқымы өте кең. Оған маркетинг және PR, фандрайзинг, жобаларды басқару, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік жобалау және тағы басқалар кіреді. Оқудың қаншалықты тиімді болғанын түсіну үшін оқу басында және соңында өлшемдер жүргізіледі. Біз қызмет саласын мұқият зерттеп, сауалнама жүргіздік. Оған қатысқандардың 84%-ы тегін оқуға ниет білдірді. Сонымен қатар, біз оқу бағдарламасына тек пайдалы болатын пәндерді ен

Жыл соңына дейін академияда үкіметтік емес ұйымдардың 800 өкілі құзыретін арттырады. Оқудың екінші легі 28 маусымда (қазақ тілінде), үшіншісі 19 шілдеде (орыс тілінде) басталады. Жалпы, жобаның барлық кезеңінде 160 үкіметтік емес ұйымның өкілдерін оқыту жоспарланған.

Азаматтық бастамалар орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҮЕҰ академиясына келесі сілтемелер бойынша google-өтінімдерді толтыру арқылы кіруге болады:

Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі:

https://docs.google.com/forms/d/1Rtmero4jzkYThTQm_-T8bs7-R7yrOscw3Byrj2a0D68/edit

Жалпы білім беру компоненті:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfD2kpG_wfDZwcUPao1tqqyAvZpLml0pInyaZ9IP14tOimY6g/viewform


Соңғы жаңалықтар