Үкіметтік емес сектор мемлекеттің маңызды серіктесі – Мадияр Қожахмет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің маңызды серіктесі саналады. Мұндай пікірді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы алдымызға билікке халықтың сенім деңгейін арттыру және халық үнінен құлақ асатын мемлекеттік дамыту міндетін жүктегенін білесіздер. Таяуда Президент Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық қоғаммен сындарлық диалогты дамыту мен жетілдіру және әлеуметтік саладағы проблемаларды шешу маңыздылығын атап өтті. Бұл бағытта бірнеше маңызды бастама, оның ішінде қоғамдық кеңестер туралы, қоғамдық бақылау туралы заңдар қабылдау ұсынылды. Осыған орай үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды оңтайландыруда мемлекеттің маңызды серіктесі саналады», - деді ол «Даму тарихы: іштей көзқарас» атты 11-ші жыл сайынғы халықаралық конференциясында.

Оның пайымынша, қоғамдық ұйымдардың рөлі бұл бағыттағы түрлі міндеттерді шешуде ажырамас бөлікке айналып отыр. Айталық, коронавирус індеті кезеңінде азаматтық қоғам мемлекетке көмек көрсетуде басты рөлге ие болды және олардың жедел қашуда қажет етілді.

«Өз кезегінде, үкіметтік емес сектор әлеуетін паш етіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене қатысты. Үкіметтің емес ұйымдардың мұндай реакциясы олардың дамуға, жаңа тәсілдерді сынап көруге, қоғам игілігі үшін әлеуметтік бастамаларды енгізуге дайын екендігін білдіреді. Бұл ретте Азаматтық қоғамдық дамыту қауымдастығы үлгі бола алады. Ол Үкіметтік емес ұйымдар қоғамда әлемдік инновациялық тәжірибелерді енгізе бастайды деген идеяны іліп әкетті. Бұл қоғамның әл-ауқатын қалыптастыру процесінде өте маңызды. Жыл сайын халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен үкіметтік емес секторға инновациялық тәсілдерді енгізу мәселесі көтеріледі. Олар Үкіметтік емес ұйымдарға өздерінің айрықша тиімділігін көрсетуі үшін белгілі бір желі қалыптастырады», - деді Мадияр Қожахмет.


Соңғы жаңалықтар