+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Үкіметтен министрліктерге 88 өкілеттік берілмек

2020 жылғы 13 ақпан 11:35
Бөлісіңіз:
Үкіметтен министрліктерге 88 өкілеттік берілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасы таныстырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда малға қажетті биопрепараттардың сапасын бақылайтын мекеме құру ұсынылды Елімізде аграрлық ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды АӨК саласында мониторинг, талдау және болжау орталығы құрылады

«Заң жобасы мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру мақсатында әзірленді және министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Заң жобасы жекелеген функцияларды Үкіметтен орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға беруді көздейді. Заң жобасымен 55 заңнамалық актіге, оның ішінде 5 кодекске, 50 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр», - деді заң жобасын таныстыруға арналған отырыста Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Ал заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шаимованың айтуынша, Үкіметтен министрліктерге 88 өкілеттік беріліп, министрліктер арасында 2 функция қайта бөлінеді. Орталықсыздандыру жалғасады. Орталықтан өңірлерге 3 функция беріледі.

«Облыстық деңгейден ауданға жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлеу жөніндегі өкілеттік беріледі. «Өкілеттіктерді қайта бөлу не береді?» дегенге тоқталсақ, ең алдымен Үкімет салалардағы саясатты қалыптастыруға баса назар аударатын болады. Мемлекеттік органдардың қабылданған шешімдер үшін дербестігі мен жауапкершілік деңгейі артады. Сондай-ақ оларды қабылдаудың жеделдігі арттырылады», - деді вице-министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT