+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Үкіметте Жолдауды іске асыру барысы қаралды

2019 жылғы 29 қазан 13:31
Бөлісіңіз:
Үкіметте Жолдауды іске асыру барысы қаралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкісетте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысын қаралды, деп хабарлайды primeminister.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев еліміздегі үздік 1 мың оқушыға арналған жоба туралы айтты Оңдасын Оразалин: Газбен қамту жұмыстары жалғасады Қазақстанның 11 қаласында «Ашық аспан» режимі енгізілуде

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері қаралды.

«Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше бақылауында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Комиссия жұмысын жаңғыртуды тапсырды. Өткен отырыста біз Комиссияның 2019-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспарын жасадық, қазір ол Президентпен келісілді», — деді А. Мамин.

Азаматтардың жүгінулеріне қатысты жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Бас прокурордың орынбасары М. Ахметжанов баяндады.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті «Е-Өтініштер» АТ-жүйесін құру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр, бұл жүйені 2020 жылдан бастап пилоттық режимде іске қосу көзделген. Жоба өтінім берушілердің бірыңғай деректер базасын құруды қарастырады (ЖСН және БЖН арқылы), онда олардың субъектілерге өтініштерінің барлық жазбалары сақталатын болады. Бір мезетте өтініштер сапасын бағалау сервисі енгізіледі.

Темір жол тасымалы саласында тариф түзудің ашықтығын арттыру және жетілдіру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А. Ержанов тиісті заң жобасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, жолаушылар тасымалын субсидиялаудың ашық жүйесін құру, сондай-ақ, жасырын транзит схемаларын пайдалануды болдырмау, кірме жол бағыттары жолдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау қарастырылады.

Cонымен қатар, Комиссия азаматтардың қаржы ұйымдарына шектен тыс берешек болуының алдын алу шараларын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруді, зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды және басқа да мәселелерді қарастырды.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында тиімді қоғамдық диалог пен адамдардың қажеттіліктеріне шұғыл үн қату мемлекеттік органдардың жұмысындағы басты басымдық екенін баса айтқан болатын. Бүгінгі талқылауларды ескере отырып, біздің алдымызға қойылған міндеттерді сапалы орындау бойынша нақты шаралар қабылдау қажет», — деді А. Мамин.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT