Үкіметте «жетілген» мұнай кен орындарын игеру мәселесі талқыланды

2023 жылғы 17 наурыз, 10:37
Үкіметте «жетілген» мұнай кен орындарын игеру мәселесі талқыланды Фото: primeminister.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Энергетикалық кеңестің отырысында бірқатар «жетілген» мұнай кен орындарын одан әрі игеру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Президенті Әкімшілігі, орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық Банк, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшылығының қатысуымен инвестицияларды ұлғайту және игерудің соңғы кезеңдеріндегі кен орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Атап айтқанда, өндіріс көлемі, жұмыспен қамту және салық салу мәселелері қозғалды», - деп жазды Үкіметтің ресми сайты.

photo

Премьер-Министр ЖЖМ ішкі нарығын тұрақты қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорды толықтыру, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау үшін осындай кен орындарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар отырыста жер қойнауын пайдалану саласындағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

photo

Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar