+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Үкіметте жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері қаралды

2021 жылғы 8 қазан 18:14
Бөлісіңіз:
Үкіметте жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері қаралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің (ИКЖК) отырысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту және ҚР-ның төмен көміртекті экономикаға көшуі мәселелері қаралды. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
«Е-tutynushy» порталы меморгандардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады Асқар Мамин жергілікті қамту жұмысына бизнесті кеңінен тартуды тапсырды

«Жасыл экономиканы» дамыту және жаңартылатын энергия көздеріне шетелдік инвестицияларды тарту перспективасы туралы ҚР-дағы Америка сауда палатасының (АТП) атқарушы директоры Дорис Брэдбюри, ҚР-дағы АТП президенті Кеннет Мак, ЭЫДҰ жаһандық қатынастар жөніндегі хатшылығының Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсон, Қазақстанда аккредиттелген Ұлыбритания елшісі Кэти Лич, ЕО елшісі Кестутис Янкаускас, Нидерланды елшісі Хайме де Бурбон, ЕО жанындағы Канаданың арнайы елшісі Стефан Дион, сондай-ақ GE, Total Energies, Orano Group Kazakhstan (KATCO), Eurasia Group компаниялардың өкілдері және т. б. баяндама жасады.

Қабылданып жатқан шаралар туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков баяндады.

Экономиканы декарбонизациялау және климаттың өзгеруіне бейімдеу, ҚР-да ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, жаңартылатын энергия көздерін, нақты егіншілікті және жалпы «жасыл» экономиканы дамытуға инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Үкімет басшысы Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күрес аясында өз міндеттемелерін іске асыру бойынша шараларды ұлғайтып жатқанын атап өтті.

Бұл ретте күш-жігер экономиканың тұрақтылығы мен декарбонизациясын арттыруға бағытталған. ҚР Париж келісімін іске асыру үшін 2030 жылға қарай Үкімет парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға азайтуды таргеттейді. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан ұлттық деңгейде айқындалатын шығарындыларды азайту жөніндегі үлесін жаңартты және 2022-2025 жылдарға арналған тиісті Жол картасын әзірледі.

«Үкімет сонымен қатар 2020 жылдың желтоқсан айында климаттық амбициялар бойынша БҰҰ саммиті аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу мақсатын іске асыру үшін тәжірибелік шаралар қабылдауда. 2060 жылға дейін ҚР көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу доктринасын әзірлеу жүргізілуде, ол биыл қараша айында Глазго қаласында климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясында ұсынылатын болады. Құжатта ҚР экономикасының энергетикалық тиімділігін арттыру, электрлендіру және жаңартылатын энергия көздерін кең ауқымды пайдалану шаралары көзделген», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр Үкіметтің энергия өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін бұрын жоспарланғандай 2025 жылға қарай емес, 2023 жылға қарай 6%-ға дейін екі есе арттыруға ниетті екенін атап өтті.

Үкімет басшысы Қазақстанның баламалы энергетиканы дамыту саласына шетелдік капитал мен озық технологияларды тарту үшін инвестициялық ортаны жақсарту жөнінде бірқатар шаралар қабылдағанын жеткізді. Нәтижесінде, 2020 жылы жаңартылатын энергетика саласында жалпы қуаты 600 МВт жуық болатын 25 жоба пайдалануға берілді.

Инвестиция көлемі $510 млн асты. Алдағы төрт жыл ішінде жалпы қуаты 2400 МВт болатын және инвестиция көлемі $2,5 млрд астамды құрайтын 60-тан аса жаңа ЖЭК жобасын пайдалануға беру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Қазақстанда белгіленген қуаты 1922 МВт болатын 124 ЖЭК объектісі жұмыс істейді: 31 жел электр станциясы, 48 күн электр станциясы, 40 су электр станциясы, 5 биоэлектр станциясы.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT