Үкіметте Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметте Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша жоба жаңа экономикалық бағдардың 7 негізгі қағидатына негізделген және 10 бағыт бойынша 143 іс-шарадан тұрады.

«Бірінші бағыт: «Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі». Мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру жоспарланып отыр. Тиімді кадр саясаты мен шешімдер қабылдау жүйесі қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылады», - деді ол.

Оның айтуынша экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі шаралар жалғасын табады. Барлығы 10 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

«Екінші бағыт - «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму». Бұл бағыттың негізгі басымдығы - өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандық қамту үлесі ұлғайту. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Елдің көлік-транзит секторын белсенді дамыту жалғасады. Шағын және орта бизнесті, оның ішінде экономиканың зардап шеккен секторларын қолдау және дамыту жалғастырылады. Ақша-кредит саясаты маңызды ынталандырушы рөл атқарады. Салық міндеттемелерін орындауды оңайлату және көлеңкелі экономиканы азайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл бағытта барлығы 42 іс-шараны іске асыру жоспарлануда», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар