Үкіметте санитарлық режимді бұзғандарға әкімшілік шара қолдану ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықты вакцина алуға ынталандыру үшін түсіндіру жұмыстарын ары қарай жүргізу қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпидемиологиялық жағдай күнделікті бақылауда. Қолданылған іс-шаралар эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуде. Мамырдың 2-15-і аралығында КВИ жұқтырғандардың саны алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 5 893 адамға төмендеген. Сонымен қатар бірнеше күнде «қызыл» аймақтағы өңірлердің саны азайып, 6 өңірге қысқарды. Бұл қабылданған нақты іс-шаралардың жүзеге асып жатқанын көрсетеді», - деді Ералы Тоғжанов.

Дегенмен, Үкімет басшысының орынбасары орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға бірқатар бағыт бойынша нақты іс-шаралар қабылдау қажеттігін баса айтты.

«Біріншіден, халықты вакцина алуға ынталандыру үшін түсіндіру жұмыстарын ары қарай арттыруымыз керек. Сондықтан Денсаулық сатау министрлігі, әкімдіктер мұндай жағдайда көпшілікке кәсіби тұрғыдан және жедел түсіндіру жұмыстарын жолға қоюы тиіс. Екіншіден, «Ashyq» жүйесі азаматтар арасында шектеу іс-шараларын өрескел бұзушылардың артып отырғандығын көрсетті. Сол себепті бұл бағытта Денсаулық сақтау министрлігі Әділет министрлігімен және Бас прокуратурамен бірге санитарлық режимді бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік шараларды қолдану тетігін пысықтауы қажет. Осындай іс-шараларды қолға алсақ деген ниет бар», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар