Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша жиын өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлікті дамытуға қатысты жиын өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жиынға орталық мемлекеттік органдар мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

Отырыста мемлекеттік қолдау үдерістерін автоматтандыру бойынша тапсырмалардың орындалу барысы қаралып, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік қолдау жұмысын жандандыруды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар