Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Үкіметте құрамында қанты бар сусындардың акцизін көтеру мәселесі талқыланып жатыр

2022 жылғы 19 мамыр 12:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметте құрамында қанты бар сусындарға акциз енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Сенатта тілшілер Қаржы министрінен құрамында қанты бар сусындарға акциз енгізу ұсынысына қатысты сұрақ қойды.

«Құрамында қанты бар сусындарға қатысты тоқталсам, Үкімет деңгейінде тиісті талқылау жүріп жатыр. Осы орайда талқылаулар қорытындысы бойынша тиісті мәліметті жариялап, Парламентке келеміз. Біз үшін тиісті теңгерімді сақтау керек, яғни ұлт денсаулығы басты мәселе. Сонымен қатар, кәсіпорындар да зардап шекпеуі керек, бұл кәсіппен шағын және орта бизнес айналысады. Сондықтан осының барлығын егжей-тегжейлі пысықтаймыз», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, темекі бойынша келісім ратификацияланған және 2024 жылға қарай мың дана темекіге акциз 35 евроға дейін артады.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар