Үкіметте «Қазфосфат» ЖШС-не жеткізілетін электр энергиясының тарифі мәселесі қаралады

None
None
ашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметте өткен селкторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Қазфосфат» ЖШС-нің электр энергиясы мәселесіне байланысты ұсыныстар енгізуді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, кеңес барысында Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев «KEGOC» АҚ-ы мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне «Қазфосфат» ЖШС-і үшін биылғы жылдың соңына дейін электр энергияға төмендетілген тарифті қолдануды қарастыруды ұсынған болатын.

«Мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне, сондай-ақ  тиісті мекемелерге бүгінгі күннің аяғына дейін «Қазфосфатпен», электр энергиясымен не істеу керектігі турасында ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Мүмкін, қосымша блоктарды қосу керек шығар. Бізді осы тұрғыда жинақталған тәжірибе бар, осындай шараларды өткен жылдары пайдаланған болатынбыз. Сағат 6-ға дейін ұсыныстар енгізілсін», - деп тапсырды Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар