+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

2020 жылғы 7 тамыз 18:08
Бөлісіңіз:
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Жобалық офистің отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ермек Маржықпаев: Ақмола облысында эпидахуалды тұрақтандыруға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр Асқар Мамин: Халыққа жаппай вакцина салуды ұйымдастыру — ең маңызды міндет Үкімет құрамына алғаш кірген министрлер ант берді

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындысы, мемлекеттік сатып алудағы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту мәселесі, сондай-ақ аса зардап шеккен салалардағы бизнес субъектілеріне жүргізілген сауалнама нәтижесі мен олардың даму перспективасы қаралды. Отырысқа Үкімет мүшелері, өңірлер әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшылығы, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері және т. б. қатысты. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы бойынша 504 млрд теңге сомасына 2201 жоба мақұлданды, 292 млрд теңге сомасына 1628 жоба субсидияланды. Субсидияланған жобалар бойынша көш басында Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, сондай-ақ Жамбыл және Қостанай облыстары, ал Павлодар, Қызылорда, Атырау облыстарында төмен динамика байқалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT