Үкіметте «Бәйтерек» холдингін дамыту жоспары қаралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Отырыс барысында «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң аясында «Әскери ипотека» өнімін енгізу, «KazakhExport» ЭСК қызметін жандандыру және тағы да басқа мәселелерді ескере отырып, «Бәйтерек» ҰБХ дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жоспары қаралды.

Директорлар кеңесі «Бәйтерек» ҰБХ инвестициялық саясатының жаңа редакциясын бекітті. Оған сәйкес, холдингтің және еншілес ұйымдардың инвестициялық қызметі, оның ішінде мемлекеттік даму бағдарламаларына сәйкес, жоғары әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жобаларға арналған қолдау шараларына басымдық беруге бағытталған.

Сонымен қатар, кездесу қатысушылары «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасының тұжырымдамасын қарап, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ төртінші облигациялық бағдарламасы аясында облигациялардың үшінші шығарылымының шарттарын анықтады.

Соңғы жаңалықтар