Үкіметте АӨК-ні субсидиялау және жеңілдікті несие беру мәселелері қаралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Отырыс барысында еліміздің агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау және жеңілдікті несие берудің тиімділігі мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Үкіметке алдағы үш жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 млрд теңге қарастыруды тапсырды.

Отырыста Премьер-Министрдің орынбасары-ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев баяндама жасады. Оның айтуынша, бірінші кезекте, бұл қаражатты салаға заманауи технологияларды енгізуге және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыруға, сондай-ақ мал шаруашылығында тұқымдық қайта түрлендіруге бағыттау ұсынылған. Алға қойылған міндеттерді АӨК субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, соның ішінде инвестициялық субсидиялау көлемін ұлғайту, айналымдық және инвестициялық мақсаттар үшін банк несиелерінің қолжетімділігін кеңейту және арзандату арқылы орындауға болады.

Мәселені талқылауға ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, Қаржы министрі Ә. Смайылов, Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек және тағы басқалары қатысты.

Субсидиялаудың жыл сайынғы көлемі (2015 жылы - 180,8 млрд тг, 2016 жылы - 220,7 млрд тг, 2017 жылы - 260,5 млрд тг, 2018 жылы - 227,6 млрд тг), орта есеппен ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 4-5% құрайды. Бұл ДСҰ аясындағы ұйғарынды деңгей - 8,5%-дан төмен. АӨК қаржыландыру қолжетімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы қаржы құралдарын жетілдіру және жаңаларын енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл несиелер бойынша негізгі қаражаттарға, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңартылды.

Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін заңнамалық актілерге өзгерістер пакеті әзірленді. Бүгінде олар Парламент Мәжілісінің қарауына жіберілген.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыруға қатысты тапсырмаларына сәйкес, тиімсіз субсидиялар қысқартылады және алдағы уақытта толықтай жойылады. Қалғандары барынша жеңілдетіледі және жыл соңына дейін толығымен автоматтандырылады. Бұл - өтінімдерді қарау мерзімін орта есеппен 2,5 есеге (18-ден 7 күнге дейін) азайтып, сыбайлас-жемқорлық қауіптерін төмендетеді. Реформалау қорытындысы бойынша субсидиялардың 54 түрінен 34-і қалады.

 

Соңғы жаңалықтар