Үкіметте әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесі қаралды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесіне қатысты жиын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Жиынға барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов, сондай-ақ мүдделі министрліктер қатысты.

Жиында әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері, сондай-ақ осы институтты дамыту және одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласындағы азық-түлік өнімдерін өткізу шығындарын субсидиялау мәселесі қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары әкімдіктерге, атап айтқанда, жаңадан құрылған өңірлерге әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шараларын қабылдауды қамтамасыз етуді және жұмысты жандандыруды тапсырды.



Фото: primeminister.kz



Соңғы жаңалықтар