Үкіметпен бірлесіп жұмыстарды жоғары деңгейде жүзеге асыруымыз керек - Нұрлан Нығматулин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларын жүзеге асыру үшін Парламентке үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған негізгі мақсаттар мен міндеттерді белгілеп берді. Ерекше айта кету керек, Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде бұрын болмаған жаңа «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры құрылатын болды. Ол қор тікелей әлеуметтік саладағы маңызды мәселелерді шешумен айналысады. Сонымен бірге, екі айдың ішінде халықтың тұрмысын жақсарту бағдарламасы қабылданатын болады. Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларын жүзеге асыру үшін Парламентке, соның ішінде, Мәжіліске үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр», - деді Н. Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, депутаттық корпус барлық бастамаларды жедел, тиісті заңдармен қамтамасыз ету жұмысына кірісті.

«Бұл жолда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы, сонымен бірге, еліміздің қауіпсіздігін қорғауға, кәсіпкерлікті қолдауға, әсіресе, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамытуға, халықтың табысын арттыруға әрі білімді күшейтуге ерекше назар аударатын боламыз. Сондықтан Үкіметпен бірлесіп осы жұмыстарды жоғары деңгейде жүзеге асыруымыз керек», - деді Мәжіліс төрағасы.


Соңғы жаңалықтар