Үкіметке жастарды тартамыз - ҚР Президенті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет құрамына жастарды тартамыз. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біздің заңнамамызға сәйкес Үкімет отставкаға кетпейді. Дегенмен, нақты-нақты кадрлық ауыс-түйіс болады. Бұған дейін атап өткенімдей, Үкіметке жаңа тұлғалар, оның ішінде жастар өкілі тартылады. Меніңше, барынша қабілетті кадрларды тарту қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев "Президенттік кадрлық резерв" дайындауға уәде бергенін еске салды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 300 адам кіретінін атап өтті.

"Біз бұл тізімді жаңартып отырамыз. Бұл догма емес. Дегенмен, басты мақсат - жастарды мемлекетті басқаруға тарту",- деді ҚР Президенті.
null

Соңғы жаңалықтар