Үкіметке төтенше жағдайда уақытша қаулы қабылдау өкілеттігі беріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті мен Үкіметінің өкілеттігіне қатысты бірқатар заңнамаға өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парламент Мәжілісінде аралас сайлау жүйесіне көшуге байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша «президенттік квотаны» қалыптастыру тәртібі өзгерді. Сонымен қатар, қабылданған конституциялық түзетулерге сәйкес Парламенттің өкілеттігіне қатысты бірқатар нақтылайтын өзгертулер енгізілді», - деді ҚР Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, заңнамалық өзгеріс Үкіметтің құзыретіне де қатысты.

«Үкіметке кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда заңнамалық күші бар уақытша қаулы қабылдау өкілеттігі беріледі. Бұл - эксклюзивті жағдайда қолданылатын іс-шара. Осылайша актілерді негізсіз қабылдау тәуекелдерін барынша азайту мүмкіндігі туып отыр», - дейді ол.

Бұған дейін ҚР Президентінің бірқатар құзыреті мен өкілеттігін шектейтін заң қабылданғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар